Материалы за 12.01.2026 » Алакөл орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Алакөл орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72859) 5-12-34
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за 12.01.2026
«Қысқы демалыста кітап оқимыз!"
12
январь
2026
«Қысқы демалыста кітап оқимыз!"
«Қысқы демалыста кітап оқимыз!» Қысқы демалыс қарсаңында мектеп кітапханасында 1–4 сынып оқушылары арасында «Қысқы демалыста кітап оқимыз!» атты оқу марафоны ұйымдастырылды. Бұл марафонның басты мақсаты — бастауыш сынып оқушыларының кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, бос уақытын пайдалы әрі мазмұнды өткізуге бағыттау. Марафон аясында оқушылар өз жас ерекшеліктеріне сай ертегілер, қызықты әңгімелер мен танымдық кітаптарды таңдап, қысқы демалыс бойы оқуға мүмкіндік алды. Кітапханашы
«Батырлыққа тағзым» Б.Момышұлына арналған танымдық ойын
12
январь
2026
«Батырлыққа тағзым» Б.Момышұлына арналған танымдық ойын
10 қараша күні мектебіміздің кітапханасында қазақ халқының даңқты батыры, жазушы Бауыржан Момышұлына арналған «Батырлыққа тағзым» атты танымдық ойын көпшілік оқырмандар арасында өткізілді. Іс-шара барысында қатысушылар батырдың өмірі мен ерлік жолына қатысты сұрақтар мен тапсырмалар орындады.
«Менің Қазақстаным - менің мақтанышым!"
12
январь
2026
«Менің Қазақстаным - менің мақтанышым!"
Республика күніне орай бастауыш сынып оқушылары арасында патриоттық өлеңдерді мәнерлеп оқудан сайыс өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушыларды Отанды сүюге, елге деген патриоттық сезімін арттыруға тәрбиелеу, көркем сөз оқу мәдениетін қалыптастыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту.Сайыс барысында оқушылар Қазақстан, туған жер, ел бірлігі мен тәуелсіздік тақырыбындағы өлеңдерді мәнерлеп оқып, өз өнерлерін көрсетті. Қатысушылардың оқу мәнері, дауыс ырғағы, сахна мәдениеті және өлең мазмұнын
«Тілдер аралы»  интеллектуалды ойын
12
январь
2026
«Тілдер аралы» интеллектуалды ойын
Тілдер күніне орай 3–4 сынып оқушылары арасында «Тілдер аралы» тақырыбында интеллектуалды ойын өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға сөз құдіретін ұғындыру, тілдің адам өміріндегі маңызын түсіндіру, тілге байланысты мақал-мәтелдер мен тұрақты сөз тіркестерін еске түсіру, сондай-ақ топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру. Интеллектуалды ойын 4 кезеңнен тұрды. Әр кезеңде оқушылардың тілдік қорын, ойлау қабілетін және тапқырлығын дамытуға бағытталған тапсырмалар берілді. Атап айтқанда,
«Тіл – асыл қазына» атты кітап көрмесі
12
январь
2026
«Тіл – асыл қазына» атты кітап көрмесі
Қазақстан халқы тілдер мерекесіне орай Алакөл орта мектебінің кітапханасы «Тіл – асыл қазына» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрменің мақсаты: оқырмандардың ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту, қазақ тілінің мәртебесін көтеру. Көрмеге кітапхана қорындағы тілге байланысты әдебиеттер, мерзімді басылым беттерінде әр жылдарда жарық көрген мақалалар, дәйек сөздер қойылды
«Кітап қайдан шығады?» кітапханалық сабақ
12
январь
2026
«Кітап қайдан шығады?» кітапханалық сабақ
11 қараша күні мектеп кітапханасында 3-сынып оқушыларына арналған «Кітап қайдан шығады?» тақырыбында кітапханалық сабақ ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – оқушыларды кітаптың шығу тарихымен таныстыру және кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Сабақ барысында мектеп кітапханашысы кітаптың пайда болуы, дамуы және маңызы туралы мағлұмат берді. Іс-шара оқушылардың танымдық деңгейін кеңейтіп, мазмұнды түрде өтті.
«Кітап кім және қалай жасайды?» кітапханалық сабақ
12
январь
2026
«Кітап кім және қалай жасайды?» кітапханалық сабақ
18 қазан күні мектеп кітапханасында 2-сынып оқушыларына арналған «Кітап кім және қалай жасайды?» тақырыбында кітапханалық сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты – оқушыларды кітаптың жасалу жолымен таныстыру және кітап құрылымы туралы түсінік қалыптастыру. Іс-шара барысында кітаптың сыртқы безендірілуі (мұқабасы, түбіртегі) және ішкі безендірілуі (мәтін, беттер, иллюстрациялар) таныстырылды. Сабақ оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырып, мазмұнды өтті.
«Кітапханаға алғаш келу»  кітапханалық сабақ
12
январь
2026
«Кітапханаға алғаш келу» кітапханалық сабақ
Мектеп кітапханасында 1-сынып оқушыларына арналған «Кітапханаға алғаш келу» атты кітапханалық сабақ ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларды кітапханамен таныстыру, кітапқа деген қызығушылығын қалыптастыру және кітапхананы пайдалану мәдениетін үйрету. Сабақ барысында «оқырман», «кітапхана», «кітапханашы» ұғымдарына түсінік беріліп, кітапхананы пайдаланудың негізгі ережелері түсіндірілді. Іс-шара барысында оқушылар кітапты күтіп ұстау, тәртіп сақтау және кітапханашының көмегіне
Жаңа әдебиеттерге библиографиялық шолу
12
январь
2026
Жаңа әдебиеттерге библиографиялық шолу
Кітап – рухани қазына, ең керемет ғажайып зат, өмір айнасы, замана сыры, тарих шежіресі, адамзаттың рухани байлығы, оқу-тәрбие құралы. Ақпараттық – технологиялардың жоғары дамыған ғасырында, қарқынына қарамастан кітаптың адам өмірінде алатын орны, мәртебесі жоғары болып қала беретіні сөзсіз. 3 қыркүйек күні орталық аудандық кітапхананың абонемент бөлімінде жаңадан келіп түскен әдебиеттерге шолу өтті. Іс-шараға мектеп кітапхананың оқырмандары қатысты. Кітапхашы А.Т.Егимбаева оқырмандарды мынадай