«Тілдер аралы» интеллектуалды ойын » Алакөл орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Алакөл орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72859) 5-12-34
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Тілдер аралы» интеллектуалды ойын
12
январь
2026

«Тілдер аралы» интеллектуалды ойын

Тілдер күніне орай 3–4 сынып оқушылары арасында «Тілдер аралы» тақырыбында интеллектуалды ойын өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға сөз құдіретін ұғындыру, тілдің адам өміріндегі маңызын түсіндіру, тілге байланысты мақал-мәтелдер мен тұрақты сөз тіркестерін еске түсіру, сондай-ақ топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
Интеллектуалды ойын 4 кезеңнен тұрды. Әр кезеңде оқушылардың тілдік қорын, ойлау қабілетін және тапқырлығын дамытуға бағытталған тапсырмалар берілді. Атап айтқанда, тілге байланысты сұрақтар, мақал-мәтелдерді жалғастыру, тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіру және шығармашылық тапсырмалар орындалды. Оқушылар топ болып бірлесіп жұмыс жасап, өз білімдері мен белсенділіктерін көрсете білді.