https://www.instagram.com/p/Czb3qSOLwKs/?igshid=MTc4MmM1YmI2Ng%3D%3D&img_index=1 Алакөл орта мектебінде 08.11 - 10.11.2023 күні 1-4,5-8,9-10 сыныптар аралығында "Алтын күз" кеші ұйымдастырылды.
02- 13 қазан аралығында қарттар мен мүмкіншілігі шектеулі азаматтардың онкүндігі акциясы аясында мектеп оқушыларынан құралған Еріктілер тобы "Қарттарын қадірлеген ел ардақты" акциясы барысында қарт ананың үй шаруашылығына көиек көрсетілді.
Педагог ұйымдарыстырушысы Бекетанова Кульчат Иманбекқызы мектеп оқушыларымен "Жас Ұлан Жас Қыран" және "Өзін - өзі басқару" ұйымының жоспары бойынша 2-4 сыныптар аралығында "Менің отбасым" тақырыбында сурет байқауын ұйымдастырды.
Отбасы күніне орай мектеп психологі Арай Төлендіқызы ата- аналармен тренинг, педагог ұйымдастырушы Кульчат Иманбекқызы "Менің жанұям" тақырыбында ата - ана балаларымен бірлесе фотоколлаж быйқауын өткізді.
Аудандық "Абай оқулары" байқауында "Көңілім әнді ұғанды" номинациясы бойынша мектебіміздің 9 сынып оқушысы Сабыржан Ақпейіл 2 орынды иеленді. Жетекшісі музыка пәнінің мұғалімі Бекетанова Кульчат Иманбекқызы.
Алакөл орта мектеп кітапханасында "Адалдық - адамзаттың ең асыл қасиетті" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. "Бізде жаңакітаптар!", "Туған өлке - туңған тарих" және т.б елу бес әдеби кітаптар қойылды.