12
январь
2026
«Кітапханаға алғаш келу» кітапханалық сабақ
Мектеп кітапханасында 1-сынып оқушыларына арналған «Кітапханаға алғаш келу» атты кітапханалық сабақ ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларды кітапханамен таныстыру, кітапқа деген қызығушылығын қалыптастыру және кітапхананы пайдалану мәдениетін үйрету. Сабақ барысында «оқырман», «кітапхана», «кітапханашы» ұғымдарына түсінік беріліп, кітапхананы пайдаланудың негізгі ережелері түсіндірілді. Іс-шара барысында оқушылар кітапты күтіп ұстау, тәртіп сақтау және кітапханашының көмегіне жүгіну туралы маңызды мәліметтер алды.