Кобдикова Динара Ахмеджанқызы » Алакөл орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Алакөл орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72859) 5-12-34
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Кобдикова Динара Ахмеджанқызы
06
апрель
2022

Кобдикова Динара Ахмеджанқызы

«Алакөл орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» 

коммуналдық   мемлекеттік  мекемесінің  директоры

                                                                       Кобдикова Динара Ахмеджанқызының

                                                                                     өмірбаяны   

     Алматы облысы  Алакөл ауданы «Алакөл орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар»   коммуналдық   мемлекеттік  мекемесінің  директоры Кобдикова Динара Ахмеджанқызы 1975 жылы 25 мамырда Алакөл ауданы Ұялы ауылында дүниеге келдім.

Ф.Е Черкашин атындағы жалпы орта мектебіне 1982жылы қабылданып, осы аталған мектепті 1992 жылы бітіріп шықтым. Мектеп бітірген соң 1992 жылы Жаркент педагогика колледжіне оқуға түстім.Аталған колледжді 1994жылы бітіріп,бастауыш сынып мұғалімі мамандығын алып шықтым.1994жылы Алакөл орта мектебіне бастауыш сынып мұғалімі болып жұмысқа қабылдандым.1999 жылы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетіне 

түсіп, 2002жылы аталған университеттің бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығын бітіріп шықтым.

2006жылы аталған мекемеде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалдым.  2010 жылдан қазіргі уақытқа дейін директор қызметіндемін.

Марапаттары:

2019 жылы Аламаты облысының білім басқармасының Құрмет грамотасымен , «Нұр Отан» партиясы Аламаты облыстық филиалының Алғыс хатымен, 2021 жылы  Қазақстан салалық Білім және Ғылым қызметкерлерінің кәсіподағының Құрмет грамотасымен марапатталды.