2017-2018 оқу жылындағы қамқоршылық кеңесі туралы мәліметі » Алакөл орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Алакөл орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72859) 5-12-34
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2017-2018 оқу жылындағы қамқоршылық кеңесі туралы мәліметі
12
январь
2018

2017-2018 оқу жылындағы қамқоршылық кеңесі туралы мәліметі

«Алакөл  орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  2017-2018 оқу жылындағы қамқоршылық  кеңесі туралы  мәліметі

      Қыркүйек айында «Алакөл орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі       № 355 бұйрығы.  «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 9-тармағына сәйкес білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңесін жұмысын ұйымдастыру туралы үлгілік қағидаттарын негізге ала отырып, 22.09.2017 № 88-1-ө бұйрығы негізінде қамқоршылық кеңесі құрылды. Жалпы  ата-аналар жиналысы өткізіліп, күн тәртібінде екі мәселе қаралды: 1. Қамқоршылық кеңесінің міндеттері мен мақсатын таныстыру. 2. Қамқоршылық кеңесінің құрамын сайлау.  Бірінші мәселе бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарыА.Турарова  білім беру ұйымына қолдау көрсету. Атап айтқанда, оның жарғылық функцияларының іске асырылуына, қаржылық қолдауды қамсыздандыру, материалдық-техникалық базаның нығаюына септесу, сондай-ақ, оның қызметіне қоғамдық бақылау жүргізу керектігі туралы айтып өтті.    Екінші мәселе бойынша ата-аналар жиналысының шешімімен  қамқорлық кеңесінің мүшелері болып бір ауыздан төмендегі адамдар қабылданды. 
1. Абдрахманов Жайыл Абдрахманұлы  ақсақалдар алқасының төрағасы 
2. Сбанжанова Лалагүл Сейтхановна  округ әкімінің бас маманы
3. Бейсенова Арай Татимхановна  ауылдық почта қызметкері 
4. Алтыбаев Тілеубек Үмітбекұлы  жеке кәсіпкер
5. Данияров Берік Қожатаевич  жеке кәсіпкер
6. Омарбекова Зауре Мұхатқызы ата-аналар комитеті
7. Тастанбекова Назым Серікқызы  ата-аналар комитетінің төрайымы
     Қамқорлық кеңесінің  мақсатын түсіндіру, міндеттерін  айқындау жұмыстары жүргізіліп,  кеңес мүшелерінің жұмыс тәртібі, міндеттері таныстырылды.

Үшінші мәселе бойынша жұмыс жоспарына сәйкес кеңес мүшелері сынып жетекшілермен бірлесе отырып әлеуметтік көмек қажет ететін оқушыларды анықтады. Әлеуметті құрамы бойынша оқушылар ЖБМБҚ - нан тегін ыстық тамақпен қамтылатын оқушылар анықталды. Жоспар бойынша аз қамтылған, көп балалы, жартылай жетім отбасы оқушыларының үйлеріне тұрғын-жай актісі жүргізілді. Жалпыға бірдей міндетті білім беру айлығы барысында «Қамқорлық және қайырымдылық» акциясы ұйымдастырылып  13 600        /13 мың алты жүз/ теңге  жиналды. Ата –анасының қамқорлығынсыз қалған 8 -сынып оқушысы  Естай Айдынға  7600 /жеті мың алты жүз/  теңгеге және жартылай жетім  4 сынып оқушысы А.Балғымбаевқа 6000 /алты мың/ теңгеге қысқы  аяқ  киім  алып берілді. 
                                   
Мектеп директоры:             Д.А Кобдикова
Орындаған: ТЖО А.Турарова
Тел: 8(72859) 3-33-50

Похожие публикации:

12 январь 2018 Хаттама
26 октябрь 2017 Алтын күз