03
октябрь
2025
«Дублер күніне»
Мектептегі өзін-өзі басқару жұмысын жандандыру,тұлғаның көшбасшылыққасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру.
22.09.2025 күні мектебіміздің «Өзін-өзі басқару» ұйымының оқушыларымен «Дублер күнін» өткізу туралы жиналыс ашылып,бастамашыл топ құрылды. Жиналыс барысында «Өзін-өзі басқару» ұйымының фракция мүшелері«Дублер күні» мектеп директорының лауазымдық қызметіне бірауыздан 8 сынып оқушысы Сархыт Нұрайымды ұсынды. 24.09.2025 күні фракция мүшелерімен жиналыс ашылып « Дублер күні» сабақ кестесімен таныстырып,фракция мүшелерін пән мұғалімдік қызметтерімен таныстырды.
Сонымен қатар 25.09-02.10 күні ұстаздар мерекесіне орай фракция мүшелері және дублер күніне байланысты сахнаны безендіріп, «Мәдениет және өнер» фракциясының мүшесі 8сынып оқушысы Азимбаева Нұрсайа мектептің өнерлі оқушыларымен күнделікті дайындық жүргізіп, концерттік бағдарлама ұйымдастырып отырды.
25.09- 02.10 күндер аралығында фракция мүшелері 03.10 күні берілетін сабақ кестесі бойынша әр пән мұғалімдерімен кездесіп, сол күнгі берілетін тақырып аясында өткізілетін сабаққа дайындалып, ҚМЖ мен жұмыс жасады.
02.10 күні педагог ұйымдастырушысы Бекетанова Кульчат Иманбекқызы фракция мүшелері мен бірлесе мектебіміздің ардагер ұстаздарға сыйлықтарымен гүл шоқтарын ұсынып жақсы тілек ниеттерін білдірді. 02.10 күні фракция мүшелерінің ұйымдастыруыменен «Ұстазыма мың тағзым» тақырыбында концерттік бағдарлама өткізіліп,ұстаздарға құрмет көрсетіп,көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
03.10күні сабақ кестесі бойынша оқушылар ұстаздар орнына сабақ өткізді.
06.10 күні дублер күні «Өзін-өзі басқару» ұйымының өткізген жұмыстарының нәтижелерімен бөлісіп, мектеп ұстаздарынан сауалнама алынды.Сауалнама нәтижесінен ұстаздар ұйым мүшелерінің жұмыстарына,яғни кесте бойынша әр пән мұғалімінің сабағын уақытында өткізіп отырғандары ,жақсы мерекелік көңіл сыйлағаны анықталды.