12
январь
2026
«Кітап кім және қалай жасайды?» кітапханалық сабақ
18 қазан күні мектеп кітапханасында 2-сынып оқушыларына арналған «Кітап кім және қалай жасайды?» тақырыбында кітапханалық сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты – оқушыларды кітаптың жасалу жолымен таныстыру және кітап құрылымы туралы түсінік қалыптастыру. Іс-шара барысында кітаптың сыртқы безендірілуі (мұқабасы, түбіртегі) және ішкі безендірілуі (мәтін, беттер, иллюстрациялар) таныстырылды. Сабақ оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырып, мазмұнды өтті.